Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


тарифтерін мемлекеттік реттеу



бет56/160
Дата06.02.2022
өлшемі294,1 Kb.
#76498
түріКодекс
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   160
тарифтерін мемлекеттік реттеу
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді кәсіпкерлік субъектілері дербес айқындайды.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасында ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті сақтауды, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында бағалар мен тарифтерді реттеуді белгілейді.
3. Мемлекет кәсіпкерлік субъектілерінің мынадай тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына;
2) табиғи монополия саласындағы тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге;
3) мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге;
РҚАО-ның ескертпесі!
4) тармақша 01.01.2017 дейін қолданыста болады - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.
4) реттелетін нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге;
5) трансферттік баға белгілеу кезінде туындайтын, халықаралық іскерлік операциялардағы және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелердегі тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге;
6) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге;
7) тағамдық және тағамдық емес шикізаттан жасалған этил спиртіне және алкоголь өніміне (сырадан басқа) ең төмен бағаларды белгілеуге;
8) фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеуге;
9) туындаған проблемаларды бәсекелестік жай-күйі үшін теріс салдары аз тәсілмен шешу мүмкін болмаған жағдайда, табиғи монополия жағдайындағы емес тауар нарықтарында белгілі бір жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайлар, дүлей зілзалалар, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде;
10) тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуге;
11) мемлекеттің артықшылық құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын бекітуге;
12) энергия өндіруші ұйымдардың тарифтерін бекітуге;
13) субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді реттейді.
Ескерту. 116-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
117-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет