нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту Мемлекет Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітеді.
Ескерту. 11-тарау 124-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
124-2-бап. Мемлекеттің артықшылық құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын бекіту Мемлекет Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттің артықшылық құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын бекітеді.
Ескерту. 11-тарау 124-2-баппен толықтырылды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).