индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласындағы құзыреті Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласында:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат береді;
4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар береді;
5) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
104-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың жеке