Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Ведомстволық есепке алу



Pdf көрінісі
бет122/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
      142-бап. Ведомстволық есепке алу
 
      1. Міндетті ведомстволық есептілік тексерілетін субъектілерді (объектілерді) 
тексеру санын және бару арқылы жүргізілетін бақылаудың және қадағалаудың өзге 
нысандарын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды, оларға 
қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын және басқа көрсеткіштерді ведомстволық есепке 


алуға арналған есептілік нысаны болып табылады.
 
      Реттеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан 
бойынша міндетті ведомстволық есептілікті толтыруға міндетті.
 
      2. Бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъектілерді (объектілерді) 
тексерулердің санын және бару арқылы жүргізілетін бақылаудың және қадағалаудың өзге де 
нысандарын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға 
қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және 
үзіліссіз негізде жүргізуге міндетті.
 
      Ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері орталық және жергілікті атқарушы 
органдардың ресми интернет-ресурстарында ай сайын орналастырылады.
 
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары 
жүзеге асыратын тексерулер бойынша ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері реттеуші 
мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастырылады.
 
      3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан 
Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік 
бақылаудың өзге нысандары бойынша ведомстволық есепке алу жүргізілмейді.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет