Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген



Pdf көрінісі
бет147/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
168-бап. Бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген
 
               әрекеттердің түрлері
 
      1. Бәсекелестер (бір тауар нарығында тауарлар сатуды не сатып алуды жүзеге 
асыратын нарық субъектілері) болып табылатын нарық субъектілері арасындағы 
бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген әрекеттер деңгейлес болып табылады.
 
      Тиісті тауар нарығында нарық субъектiлерiнің тауарына ұқсас не оның тауарымен 
өзара алмастырылатын тауарды өндіруіне және (немесе) өткiзуіне байланысты тиісті 
нарықтың басқа субъектiлерiмен жарыспалылық жағдайында болатын нарық субъектiсi 
бәсекелес болып табылады.
 
      Бәсекелестiң тауарына ұқсас не оның тауарымен өзара алмастырылатын тауарды өндіру 
және (немесе) өткiзу мүмкiндiгi бар (жабдыққа, технологияларға ие), бiрақ тиiстi тауар 
нарығында оны өндірмейтін және өткiзбейтiн нарық субъектiсi әлеуеттi бәсекелес болып 
табылады.
 
      2. Бірі тауарды сатып алатын, ал екіншісі тауарды ұсынатын немесе оның әлеуетті 
сатушысы (өнім берушісі) болып табылатын бәсекелес емес нарық субъектілері арасындағы 
бәсекелестікке қарсы келісімдер сатылас болып табылады.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет