Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Бәсекелестікке қарсы келісімдер



Pdf көрінісі
бет148/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
169-бап. Бәсекелестікке қарсы келісімдер
 
      1. Егер нарық субъектілері арасындағы деңгейлес келісімдер:
 
      1) бағаларды (тарифтердi), жеңiлдетулерді, үстеме ақыларды (қосымша ақыларды) және 
(немесе) үстеме бағаларды белгiлеуге немесе ұстап тұруға;
 
      2) сауда-саттықта бағаларды өсіруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға, сауда-
саттықтың, аукциондар мен конкурстардың қорытындыларын, оның ішінде лоттар бойынша бөлу 
жолымен бұрмалауға;
 
      3) тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарларды сату немесе сатып алу көлемi, 
өткiзiлетiн тауарлар ассортиментi не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс 
берушiлердiң) құрамы бойынша бөлуге;
 
      4) тауар өндiрiсiн қысқартуға немесе тоқтатуға;
 
      5) белгiлi бiр сатушылармен не сатып алушылармен (тапсырыс берушiлермен) шарт 


жасасудан бас тартуға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, мұндай келісімдер 
картель деп танылады және оларға тыйым салынады.
 
      Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері тұлғалардың бір тобына 
кіретін нарық субъектілері арасындағы келісімге де қолданылады.
 
      2. Нарық субъектiлерi арасындағы сатылас келiсiмдерге, егер:
 
      1) сатып алушы (тапсырыс беруші) үшiн сатушы тауарды қайта сатудың ең жоғары 
бағасын белгiлейтiн жағдайды қоспағанда, мұндай келiсiмдер тауарды қайта сату бағасын 
белгiлеуге әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болса;
 
      2) мұндай келiсiмде сатушының бәсекелесi болып табылатын нарық субъектiсiнiң 
тауарын сатып алушының (тапсырыс берушінің) сатпау мiндеттемесi көзделсе, тыйым 
салынады. Мұндай тыйым салу сатып алушының тауарларды тауар белгісімен не сатушыны 
немесе өндірушіні өзеге дараландыру құралымен сатуын ұйымдастыру туралы келісімге 
қолданылмайды;
 
      3) мұндай келісімде сатып алушының (тапсырыс берушінің) бәсекелесі болып табылатын 
нарық субъектісіне сатушының тауар сатпау міндеттемесі көзделсе, тыйым салынады.
 
      3. Нарық субъектiлерiнiң арасындағы кез келген нысанда қол жеткiзiлген, 
бәсекелестiктi шектеуге әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн, оның iшiнде:
 
      1) нарықтың басқа субъектiлерiмен мәні бiрдей шарттарға кемсітушілік шарттар 
белгiлеуге немесе қолдауға, оның iшiнде тауарларды сатып алудың және (немесе) өткiзудiң 
келiсiлген шарттарын белгiлеуіне;
 
      2) нарық субъектілерінің сол бір тауарға түрлі бағаларды (тарифтерді) 
экономикалық, технологиялық және өзге де түрде негізсіз белгілеуге;
 
      3) сауда-саттықты, аукциондар мен конкурстарды өткiзудiң белгiленген тәртiбiн, 
оның iшiнде лоттар бойынша бөлу жолымен бұзу нәтижесiнде олардың қорытындыларын 
бұрмалауға;
 
      4) тауарларды өткiзудi негiзсiз шектеуге немесе тоқтатуға;
 
      5) нарықтың басқа субъектiлерiнiң белгiлi бiр тауарларды сатушылар (берушiлер) 
немесе олардың сатып алушылары ретiнде тауар нарығына кiруiн шектеуге немесе одан 
ығыстырып шығаруға;
 
      6) контрагенттердiң өзiнiң мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне 
сәйкес осы шарттардың нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер (қаржылай қаражатты 
және өзге де мүлiктi, мүлiктiк немесе мүлiктiк емес құқықтарды берудi негiзсiз талап 
ету) қабылдауы кезiнде шарттар жасасуға қатысты бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерге тыйым 
салынады және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен 
толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
 
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгiленген тыйымдар мемлекеттік-жекешелік 
әріпестік шарттары, оның ішінде концессия, кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) 
шарттары болып табылатын сатылас келiсiмдерге не егер нарық субъектiлерiнiң тауар 
нарығындағы жиынтық үлесi жиырма пайыздан аспаса, қолданылмайды.
 
      4. Бәсекелестікке қарсы келісім деп нарық субъектілерінің бәсекелестікті шектеуге 
әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін, оның ішінде жазбаша және (немесе) ауызша нысанда 
қол жеткізілген уағдаластықтары түсініледі.
 
      5. Нарық субъектілерінің әрекеттерін осындай нарық субъектілерінің ешқайсысымен де 
бір тұлғалар тобына кірмейтін және нарық субъектілерінің әрекеттерін келісу жүзеге 
асырылатын сол тауар нарығында (тауар нарықтарында) қызметін жүзеге асырмайтын үшінші 
тұлғамен келісу экономикалық қызметті үйлестіру деп танылады. Нарық субъектiлерiнiң 
экономикалық қызметiн осы баптың 1 – 3-тармақтарында тізбеленген салдарларға әкеп 
соқтыра алатындай, әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған үйлестiруге тыйым салынады.
 
      6. Бәсекелестікке қарсы келісімдерге салынған тыйымдар, егер мұндай нарық 
субъектілерінің бірі басқа нарық субъектісіне қатысты бақылау орнатса, сондай-ақ мұндай 
нарық субъектілері бір тұлғаның бақылауында болса, тұлғалардың бір тобына кіретін нарық 


субъектілері арасындағы келісімге қолданылмайды.
 
      Бақылау деп жеке немесе заңды тұлғаның мынадай бір немесе бірнеше әрекет:
 
      1) заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу 
үлестерінің, пайлардың) елу пайызынан астамына билік ету;
 
      2) заңды тұлғаның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру арқылы басқа заңды 
тұлға қабылдайтын шешімдерді тікелей немесе жанама түрде (заңды тұлға немесе бірнеше 
заңды тұлға арқылы) айқындау мүмкіндігі түсініледі.
 
      7. Осы баптың талаптары зияткерлiк қызметтiң нәтижелерiне айрықша құқықтарды 
жүзеге асыру туралы келiсiмдерге және соларға теңестiрiлген заңды тұлғаны дараландыру 
құралдарына, өнiмдi, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтердi дараландыру құралдарына 
қолданылмайды.
 
      8. Осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, осы бапта көзделген 
келiсiмдерге, егер олар нарық субъектiлерiне осы келiсiмдердiң мақсаттарына қол жеткiзу 
үшiн қажет болып табылмайтын шектеулер қоймаса және тиiстi тауар нарығында 
бәсекелестiктi жою үшiн мүмкiндiк жасамаса және егер нарық субъектiлерi мұндай 
келiсiмдер өз нәтижесiнде:
 
      1) тауарлар өндiрудi (өткiзудi) жетiлдiруге немесе техникалық (экономикалық) 
прогресті ынталандыруға жәрдемдесетін немесе жәрдемдесе алатынын не әлемдiк тауар 
нарығында тараптар өндіретін тауарлардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыратын немесе 
арттыра алатынын;
 
      2) тиiстi тұлғалардың осындай әрекеттер жасауынан иеленетiн артықшылықтардың 
(пайдалардың) мөлшерлес бөлiгiн тұтынушылардың алатынын немесе алуы мүмкiн екенін 
дәлелдесе, жол берiлетін болып танылады.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет