Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-тарау. ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІК



Pdf көрінісі
бет156/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
   16-тарау. ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІК
 
      177-бап. Жосықсыз бәсекелестік ұғымы
 
      1. Құқыққа сыйымсыз артықшылықтарға қол жеткізуге немесе оларды беруге бағытталған 
бәсекелестіктегі кез келген әрекеттер жосықсыз бәсекелестік болып табылады. Жосықсыз 
бәсекелестікке тыйым салынады.
 
      2. Жосықсыз бәсекелестікке мынадай әрекеттер жатады:
 
      1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ авторлық құқық 
объектілерін дараландыру құралдарын құқыққа сыйымсыз пайдалану;
 
      2) басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану;
 
      3) бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу;
 
      4) нарық субъектісінің беделін түсіру;
 
      5) көрінеу жалған, жосықсыз және анық емес жарнама;
 
      6) мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу (сатып алу);
 
      7) бәсекелестің сатушысына (өнім берушісіне) бойкот жасауға шақыру;
 
      8) сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру;
 
      9) нарық субъектісін бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру;
 
      10) сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық;
 
      11) сатып алушының қызметкерін сатып алушылық;
 
      12) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану;
 
      13) тұтынушыға тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық 
қасиеттеріне, сапасы мен санына және (немесе) оны өндірушілерге қатысты анық емес 
ақпарат ұсына отырып, тауарды өткізу;
 
      14) нарық субъектiсiнiң өзi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларын нарықтың 
басқа субъектiлерi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарлармен орынсыз салыстыруы.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет