Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс



Pdf көрінісі
бет153/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
174-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс
 
               пайдалану
 
      Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тиiстi тауар нарығына 
кiрудi шектеуге, бәсекелестiктi болғызбауға, шектеуге және жоюға әкеп соққан немесе әкеп 
соғатын және (немесе) өзге де тұлғалардың заңды құқықтарына қысым жасайтын әрекеттерiне 
(әрекетсiздiгiне), оның iшiнде:
 
      1) монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгiлеу, 
ұстап тұру;
 
      2) нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бiрдей келiсiмдерге 
объективті түрде ақтамайтын себептермен әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолдану;
 
      3) өзiнен сатып алынған тауарларды қайта сатуға аумақтық белгiсi, сатып алушылар 
тобы, сатып алу шарттары бойынша, сондай-ақ саны, бағасы бойынша шектеулер белгiлеу;
 
      4) нарық субъектiсiне немесе тұтынушыға өз мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым 
дәстүрiне сәйкес осы келiсiмдердiң нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер қабылдату 
арқылы келiсiм жасасуға шарт қою не оны күштеп таңу;
 
      5) тиiстi тауарды өндiру немесе өткiзу мүмкiндiгi болған кезде жекелеген сатып 
алушылармен шарт жасасудан немесе тауарды өткізуден негiзсiз бас тарту не осындай шарт 
жасасуға күнтізбелік отыз күннен асатын мерзiмде жауап ұсынбаудан көрінетін жалтару;
 


      6) бәсекелестер өндiрген не өткiзетiн тауарларды сатып алу кезiнде шектеулер 
қабылдау арқылы тауарларды беруге шарт қою;
 
      7) өндiру немесе өнім беру мүмкiндiгi болған кезде тұтынушылардың сұраныстары 
немесе тапсырыстары бар тауарларды өндiру және (немесе) беру көлемiн негiзсiз қысқарту 
немесе өндiруді және (немесе) өнім беруді тоқтату;
 
      8) егер тауардың бағасын көтеру тауарды алып қоюдың нәтижесi болып табылса, 
тауарды айналыстан алып қою;
 
      9) контрагентке шарт нысанасына жатпайтын, экономикалық немесе технологиялық 
тұрғыдан негiзсіз шарт талаптарын күштеп таңу;
 
      10) нарықтың басқа субъектiлерiне тауар нарығына кiруге немесе тауар нарығынан 
шығуға кедергiлер жасау;
 
      11) сол бір тауарға әртүрлі бағаларды (тарифтерді) экономикалық, технологиялық 
тұрғыдан немесе өзге де түрде негізсіз белгілеу, кемсітушілік шарттар жасау сияқты 
әрекеттерiне тыйым салынады.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет