Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау



Pdf көрінісі
бет171/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

      198-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау
 
               саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы
 
               алдын ала ескерту
 
      1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының 
бұзылуын алдын алу мақсатында монополияға қарсы орган нарық субъектісінің, мемлекеттік 
органның, жергілікті атқарушы органның лаузымды адамына Қазақстан Республикасының 
бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді 
жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алын ала ескерту жібереді.
 
      2. Нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның 
лауазымды адамының тауар нарығындағы жоспарланып отырған әрекет туралы жария өтініші, 
егер мұндай әрекет Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы 
заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін болса және бұл ретте тергеп-тексеру жүргізу үшін 
негіз болмаса, алдын ала ескерту жіберу үшін негіз болып табылады.
 
      3. Алдын ала ескертуді жіберу туралы шешімді монополияға қарсы органның басшысы 
монополияға қарсы органға нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы 
органның лауазымды адамының тауар нарығындағы жоспарланып отырған әрекет туралы жария 
өтініші жөнінде белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде 
қабылдайды.
 
      4. Алдын ала ескертуде:
 
      1) алдын ала ескертуді жіберу үшін негіздердің бар екендігі туралы түйіндер;
 
      2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының 
бұзылуы мүмкін нормалары қамтылуға тиіс.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет