Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша



Pdf көрінісі
бет231/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
261-бап. Қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша
 
               сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша
 
               купондық сыйақыны субсидиялау
 
      1. Қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және 
индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң облигациялары бойынша купондық сыйақыны 
субсидиялау жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды жасау, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған 


өндiрiстердi жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған 
индустриялық-инновациялық жобаларды жасау, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және (немесе) 
тоқтап тұрған өндірістерді қаржы-экономикалық сауықтыру, инвестициялық тартымдылығын 
жақсарту және (немесе) қалпына келтіру үшiн, олар өзiнiң жылжымалы немесе жылжымайтын 
мүлкiн, оның iшiнде ақша ұсыну арқылы қатысқан жағдайда жүзеге асырылады.
 
      Айналым қаражатын толтыруға қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы 
мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жүзеге 
асырылмайды.
 
      2. Қаржы институттары индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне беретiн 
кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және индустриялық-инновациялық қызмет 
субъектiлерi эмиссиялайтын облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды 
Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қаржы агентi индустриялық-инновациялық 
жобаларды iске асыру үшiн жүзеге асырады.
 
      3. Қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және 
облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялаудың шарттары мен тетiктерiн Қазақстан 
Республикасының Үкiметi айқындайды.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет