Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Кепiлдік берiлген тапсырыс



Pdf көрінісі
бет233/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

263-бап. Кепiлдік берiлген тапсырыс
 
      1. Технологиялық меморандумдарды индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк 
қолдау саласындағы уәкiлеттi орган ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, 
ұлттық компаниялармен және олармен үлестес заңды тұлғалармен жасайды және сатып алынатын 
тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн айқындайды.
 
      2. Жасалған технологиялық меморандумдардың негiзiнде ұлттық басқарушы холдингтер, 
ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен үлестес заңды тұлғалар тауарларды
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi беруге индустриялық-инновациялық қызмет 


субъектiлерiмен шарттар жасасу арқылы кепiлдік берiлген тапсырысты орналастырады. 
Көрсетiлген шарттардың талаптары бағаны, сапаны, қолжетiмдiлiктi, тасымалдау шарттарын 
қоса алғанда, ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық 
компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың коммерциялық мүдделерiне сай 
келуге тиiс және Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне қайшы келмеуге 
тиiс.
 
      3. Кепiлдік берілген тапсырыс «Акционерлiк қоғамдар туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгiлiк 
қағидалар негiзiнде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды 
берушiлердiң дерекқорына енгiзiлген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi 
барлық әлеуеттi берушілер арасында сатып алу рәсiмдерiн ұйымдастыру арқылы 
орналастырылады.
 
      Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң және оларды берушiлердiң 
дерекқоры отандық тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң және оларды 
берушiлердiң тiзбесiн білдіреді.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет