Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Салықтар бойынша преференциялар



Pdf көрінісі
бет259/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

290-бап. Салықтар бойынша преференциялар
 
      1. Салықтар бойынша преференциялар инвестициялық басым жобаларды қоса алғанда, 
инвестициялық жобаларды, сондай-ақ инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын 
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында 
көзделген тәртіппен және шарттарда беріледі.
 
      2. Салықтар бойынша преференциялардың түрлері:
 
      1) инвестициялық басым жобалар үшін:
 
      есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;
 
      жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;
 
      мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      2) тармақша 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015 
N 375-V
 
Кодексімен.
 
      2) инвестициялық басым жобаларды және инвестициялық стратегиялық жобаларды 
қоспағанда, инвестициялық жобалар үшін – инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізаттың 


және (немесе) материалдың импортын қосылған құн салығынан босату;
 
      3) инвестициялық стратегиялық жобалар үшін:
 
      инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтен есептелген 
корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;
 
      жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;
 
      мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу.
 
      3. Инвестициялық келісімшартта салықтар бойынша преференциялардың әрбір түрінің 
қолданылу мерзімі белгіленеді, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті 
төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалған 
оларды қолданудың шекті мерзімінен аспайды.
 
       4. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен 
мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялардың қолданылуы 
күшін жояды. 
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет