Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Инвестициялық преференциялар беру шарттары



Pdf көрінісі
бет255/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
286-бап. Инвестициялық преференциялар беру шарттары
 
      1. Инвестициялық преференциялар:
 
      1) инвестициялық жоба бойынша – Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына;
 
      2) инвестициялық басым жоба бойынша – Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған 
заңды тұлғасына;
 
      3) инвестициялық стратегиялық жоба бойынша – инвестициялар жөніндегі уәкілетті 
органмен 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес 
инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын заңды тұлғаға берiледi.
 
      2. Инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференцияларды қолдану мақсаттары 
үшiн мынадай шарттарға сәйкес келетiн заңды тұлға:
 
      1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм 
берiлген күнге дейiн күнтiзбелiк жиырма төрт айдан аспай жүзеге асырылса;
 
      2) заңды тұлға инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым 
қызмет түрлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген қызмет түрлерiн жүзеге асырса;
 
      3) инвестициялық басым жобаны iске асыру бiр инвестициялық келiсiмшарт шеңберiнде 
ғана жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы болып 
табылады.
 
      3. Инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды қолдану 
мақсаттары үшін заңды тұлға мынадай шарттарға сайкес болуға тиіс:
 
      1) заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен инвестициялық басым 
жобаларды іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген 
қызмет түрлерін жүзеге асырады;
 
      2) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін 
жасалған инвестициялық келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.
 
      4. Заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен басым қызмет түрлерiнiң 
тiзбесiне енгiзiлген қызмет түрлерi бойынша инвестициялық жобаны iске асырған кезде 
инвестициялық преференциялар берiледi.
 
      Басым қызмет түрлерiн айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган 
бекiткен экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.
 
      Инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым қызмет түрлерiнiң 
тiзбесiне мынадай қызмет түрлерi енгiзiлуге жатпайды:
 
      1) ойын бизнесi саласындағы қызмет;
 


      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.04.2016 
№ 506-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      2) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет;
 
      3) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан 
Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 279-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 6) тармақшасында 
көзделген акцизделетiн тауарларды шығаруды, жинауды (жинақтауды) қоспағанда, 
акцизделетiн тауарлар шығару жөнiндегi қызмет.
 
      Инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым қызмет түрлерiнiң 
тiзбесiн қоса алғанда, басым қызмет түрлерiнiң тiзбесi жылына бiр реттен артық қайта 
қаралмайды.
 
      5. Инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференциялар мынадай шарттар 
сақталған кезде:
 
      1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және инвестициялық преференциялар 
беруге өтiнiм берiлген күні қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң кемінде екi 
миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыратын, инвестициялық 
преференциялар беруге өтiнiм берiлген күні әрекет ететiн Қазақстан Республикасының 
жаңадан құрылған заңды тұлғасы алушы болып табылса беріледі, оған:
 
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының бiлiм 
туралы заңнамасына сәйкес дербес бiлiм беру ұйымдары;
 
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы 
экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ аумағында 
қызметiн жүзеге асыратын ұйымдары қосылмайды.
 
      2) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы 
(акционері) ретіндегі мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің 
үлесі жиырма алты пайыздан аспаса, беріледі.
 
      Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы 
(акционері) ретіндегі мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің 
қатысуы инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімді 
құрайды. Мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі бес жыл ішінде 
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы 
(акционері) құрамынан шығуға міндетті. Бұл шарт орындалмаған жағдайда, инвестициялық 
преференцияларды қолдану Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және 
(немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан ол (олар) толық шыққанға дейін, бірақ бір 
жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
 
      Тоқтатыла тұрған кезең ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының 
құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығу туралы шартты 
орындамау инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және бұрын берілген 
инвестициялық преференцияларды қайтаруға әкеп соғады;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      2) тармақшаны төртінші бөлікпен толықтыру көзделген - ҚР 28.04.2016 
№ 506-V
 
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      3) инвестициялық басым жобаны iске асыру үшiн қаржыландыру көздерi не кепiлдiктерi 
ретiнде бюджет қаражаты тартылмаса;
 
      4) инвестициялық қызмет мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде 
концессия шарты шеңберiнен тыс жүзеге асырылса, беріледі.
 
      6. Инвестициялық преференцияларды қолдану мерзiмi осы Кодексте және Қазақстан 
Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленедi және инвестициялық 
келiсiмшартта инвестициялық преференциялардың әрбiр түрi бойынша көрсетiледi.
 
      7. Инвестициялық преференциялар инвесторға осы Кодекстің 292-бабында көзделген, 


инвестордың қойылатын талаптарға сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар ұсынылған кезде 
берiледi.
 
      8. Инвестициялық преференцияларды қолдану осы Кодекске және Қазақстан 
Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет