қабілеті шектеулі деп танылған және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылған және (немесе)
қайтыс болды деп жарияланған және (немесе) оның Қазақстан Республикасы
Қылмыстық
кодексінің 215, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған
сотталғандығы болған;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша 06.02.2016 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015
N 375-V
Кодексімен.
2) өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және
экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген тұлға
болып
табылған;
3) салықтық өтініште көрсетілген, жеке басты куәландыратын құжаттың деректері
сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдеріндегі мәліметтерге сәйкес келмеген;
4) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық
жүйесінде
болмаған жағдайда, дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік
тіркеуден бас тартуды жүргізеді.
3. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беруге арналған өтiнiште, сондай-ақ бiрлескен
қызмет туралы шартта (жай серiктестiк шартында) көрсетiлген деректер өзгерген кезде,
дара кәсiпкер (бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы)
өзгерiстер туралы
мемлекеттік кіріс органына осы орган белгiлеген нысан бойынша хабарлауға мiндеттi.
4. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу үшін өтініш беруші салықтық өтінішті мемлекеттік
кіріс органына өз бетімен қағаз жеткізгіште не «электрондық үкіметтің» веб-порталы
арқылы электрондық нысанда ұсынуға құқылы.
Кәмелет жасына толмаған жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда,
салықтық өтінішті өз бетімен қағаз жеткізгіште ұсынады.
5. Бiрлескен дара кәсiпкерлiктi тiркеу кезiнде өтiнiштi үшiншi тұлғалармен және
мемлекеттiк органдармен қатынастарда мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттiк
берілген адам
бередi.
РҚАО-ның ескертпесі!
37-бапты алып тастау көзделген - ҚР 29.03.2016
№ 479-V
Заңымен (01.01.2017 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: