Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Бірлескен кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет24/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
32-бап. Бірлескен кәсіпкерлік
 
      1. Бiрлескен кәсiпкерлiктi жеке тұлғалар (дара кәсiпкерлер) тобы өздерiне ортақ 
меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негізінде, сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға және 
(немесе) оған иелiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.
 
      2. Бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде жеке кәсiпкерлiкке байланысты барлық мәмiлелер 
бiрлескен кәсiпкерлiктiң барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен 
мiндеттер олардың атынан иеленеді және жүзеге асырылады.
 
      3. Бiрлескен кәсiпкерлiктiң нысандары:
 
      1) ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiгi негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-
зайыптылар кәсiпкерлiгi;
 
      2) шаруа қожалығының ортақ бiрлескен меншiгi немесе жекешелендiрiлген тұрғынжайға 
ортақ бiрлескен меншiк негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк;
 
      3) жеке кәсiпкерлiк ортақ үлестiк меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын жай 
серiктестiк;
 
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де нысандар болып табылады.
 
       4. Ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгi жүзеге асырылған кезде ерлі-зайыптылардың бiрi 
жұбайының келiсiмiмен iскерлiк айналымда ерлi-зайыптылар атынан әрекет етедi, бұл дара 
кәсiпкердi тiркеу кезiнде расталуы немесе дара кәсiпкердiң қызметi мемлекеттiк тiркеусiз 
жүзеге асырылған жағдайларда жазбаша көрсетiлуі және нотариат куәландыруы мүмкiн. 
 
      Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң iскерлiк айналымда ерлi-зайыптылар атынан әрекет 
етуiне жұбайының келiсiмi болмаған кезде, iскерлiк айналымда әрекет ететiн жұбайы дара 
кәсiпкерлiктi өзiндiк кәсiпкерлiк түрінде жүзеге асырады деп көзделедi.
 
      5. Жай серiктестiк нысаны пайдаланылатын дара кәсiпкерлiк Қазақстан 
Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет