6. Кәсіпкерлік субъектісі немесе ол уәкілеттік берген адам өз жұмыскерлерінен
коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу туралы
қолхат талап етуге, ал оны
тексеруді жүзеге асыратын адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жауаптылық туралы ескертуге құқылы.
7. Міндетті түрде жариялануға не акционерлік қоғам акционерлерінің, шаруашылық
серіктестігі қатысушыларының, өндірістік кооператив мүшелерінің немесе
өзге де белгілі
бір адамдар тобының назарына міндетті түрде жеткізілуге
жататын ақпараттың
тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарында және кәсіпкерлік субъектілерінің құрылтай
құжаттарында белгіленеді.
8. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат, соттың заңды күшіне енген шешімі бар
ақпаратты
қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз жария етілмейді.
9. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда,
мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары лауазымдық (қызметтік) міндеттерін
орындауына байланысты өздеріне белгілі болған коммерциялық
құпияны құрайтын ақпаратты
кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз таратуға және (немесе) пайдалануға құқылы емес.
10. Кәсіпкерлік субъектісі мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға, оларға
жүктелген функцияларды іске асыру үшін
қажетті ақпараттан басқа, тіркеу,
бақылау және
қадағалау функцияларын орындау және басқа да әрекеттерді жасау кезінде коммерциялық
құпияны құрайтын ақпаратқа қолжетімділікті бермеуге құқылы.
11. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары коммерциялық құпияны
құрайтын ақпаратты заңсыз таратқаны және (немесе) пайдаланғаны үшін Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады, ал осындай тарату және
(немесе) пайдалану салдарынан кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген нұқсан Қазақстан
Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
12. Нақты кәсіпкерлік субъектісінің қызметі туралы мәліметтерді ашпайтын, жинақтап
қорытылған ақпарат жалпыға қолжетімді болып табылады.
13. Кәсіпкерлік субъектісінің жалпыға қолжетімді ақпаратына мыналар жатады:
1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе) немесе атауы;
2) заңды тұлғаның атауы және тіркелген күні;
3) сәйкестендіру нөмірі;
4) заңды мекенжайы (орналасқан жері);
5) қызмет түрі;
6) басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе).
Достарыңызбен бөлісу: