1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын
әзiрлеу;
2) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн қалыптастыру;
3) техникалық реттеу саласындағы құқықтық реформаны қамтамасыз ету;
4) ішкі айналысқа арналған тауардың шығарылуы туралы сертификат беруге уәкілеттік
берілген органды (ұйымды) айқындау.
Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу саласында:
1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізу қағидаларын және
аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын
біліктілік талаптарын бекіту;
3) аккредиттеу жөніндегі органды осы бөліктің 2) тармақшасында көрсетілген
қағидаларға сәйкес айқындау.
Бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын
әзірлеу.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне Конституциямен, осы Кодекспен,
Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы
Президентінің
актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: