«Елтану» модульі бойынша құрастырылған әдістемелік сабақ жоспары
Грамматикалық тақырып: фонетика
Бөлімі
|
Сабақ саны
|
Модуль мазмұны
|
Кіріспе бөлімі
|
1-сабақ
|
1.Модульдің құрамын түсіндіру.
2.Грамматикалық тақырып.
3.Сөздік жұмысы.
4.Лексикалық тақырып:
«Тәуелсіз Қазақстан»; «Қазақстан рәміздері»
|
Сөйлесу бөлімі
|
2-3 сабақ
|
1. ҚР Президентінің «Қазақстан -2030 стратегиясы», ҚР Президентінің биылғы Жолдауы.
2.Грамматикалық тапсырмалар.
|
4-5 сабақ
|
1. ҚР-ның «Тіл туралы» заңы.
«Қазақ тілі –мемлекеттік тіл». «Қазақ тілі туралы» мәтіндерімен жұмыс.
2. Грамматикалық тапсырмалар.
|
6-7сабақ
|
Бекіту. Ана тілі туралы нақыл сөздер.
С.Торайғыровтың «Сүйемін туған тілім», Қ.Мырзалиев «Тілдің туы». Өлеңі.
2. Грамматикалық тапсырмалар.
|
Қорытынды
бөлімі
|
8- сабақ
|
1. Диктант № 1.
2. Тест жұмысы
|
Нені үйрену қажет?
Қазақ тіліндегі үндестік заңын білуі, жаңа сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрену.
Фонетикалық талдау жасау жолдарын қайталап, дұрыс қолдануды үйрену.
Ізденушілік, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды бағдарламалық материал тапсырмалары көлемінде орындау.
Нені білуі тиіс?
«Елтану. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» тақырыбы төңірегінде сөйлей білу.
Тақырыптар бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білу.
Үндестік заңын тапсырмаларда, жаттығуларда дұрыс қолдана білу.
Кіріспе бөлімі:
1 – сабақ:
Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сабақтың мақсатын, жүру барысын түсіндіру.
3. Модульдің құрылымын түсіндіру. . Лексикалық тақырыптар: Кіріспе. «Тәуелсіз Қазақстан», «ҚР рәміздері», «ҚР Президентінің Жолдауы «Қазақстан -2030 cтратегиясы», « ҚР-ның «Тіл туралы» Заңы. «Қазақ тілі –мемлекеттік тіл», «Қазақ тілі туралы»
4.Фонетиканы қайталау.
Дауысты дыбыстар
Гласные звуки
|
Дауыссыз дыбыстар
Согласные звуки
|
жуан
твердые
|
жіңішке
мягкие
|
ұяң
звонкие
|
қатаң
глухие
|
үнді
сонорные
|
а
|
ә
|
б
|
п
|
ш
|
м
|
о
|
ө
|
в
|
ф
|
щ
|
н
|
ы
|
ү
|
г
|
қ
|
х
|
ң
|
ұ
|
і
|
ғ
|
к
|
у
|
л
|
|
|
д
|
т
|
ч
|
р
|
|
|
ж
|
с
|
|
й
|
|
|
з
|
|
|
у
|
5.Сөздік жұмыс: нышаны сияқты - здесь: считается как символ, көз алдымызға елестейді - представляем себе, ассоцируется, аты әлемге әйгілі-стало известным всему миру, қасиетті өлке - священный край, нәзік- нежный, іскерлік - здесь: бизнес, зәулім – высотный, әсерлі- впечатляющий.
кішкентай кезінен – с малых лет, ертегі – сказка, ер жеткенде – став взрослым,ортақ – общий, дүние жүзі – весь мир, оқырман – читатель, әйгілі – известный,белгілі – известный, сияқты – такой как, ұлт – национальность,
жолдау – посланиелбасы – глава государства,жарияланды – было опубликовано,бағдарлама – программа,гүлдендіру – процветание,тыныштығын қорғау – оберегать покой,ұзақ мерзімді – долгосрочный,нақты мақсаттар – конкретные цели,міндет – цели,жан-жақты – всесторонний,талдау – анализ.
5.1 тапсырма: жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру:
5.2 тапсырма: ұлт, белгілі, әсерлі сөздеріне талдау жасау.
6. Лексикалық тақырып: «Тәуелсіз Қазақстан»; «Қазақстан рәміздері».
сөйлесу бөлімінің 1,2,3 сабақтарында «Қарлы кесек» ойынында студенттер тақырыпты көру, оқу, сөйлесу арқылы меңгереді
«Қарлы кесек» ойыны:
а. Мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың білімін пысықтау, толықтыру, өз ойларын дәлелдеу.
ә. Шарты: топты 5 оқушыдан 3 топқа бөлу. Оқушылар еңбегі «5» баллды өлшеммен бағаланады.
б. Тапсырма: «А» - 1 – топ: «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбын әңгімелеу
«Ә» - 2 – топ: «Қазақстан рәміздері » сұхбат құру
«Б» - 3 – топ: «Қазақстан Президенті» туралы әңгімелеу
Тур
|
Үстел
|
Ең жақсы сөйлеген оқушы
|
І
|
Ә
|
|
ІІ
|
А
|
|
ІІІ
|
Б
|
|
6.1 Оқулықпен жұмыс: «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбынан «Түртіп алу» әдісімен таныс емес сөздерді жазу;\мәтінді меңгерту мақсатында\
ә) Осы сөздерді сөздік дәптерлеріне көшіріп жазу, аудару;
б) Мәтінді оқушыларға мәнерлеп оқыту, сөйлемдерді аудару.
7. Қорытынды. Үйге тапсырма.
сабақ.Сөйлесу бөлімі
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.Сабақтың мақсатын, жүру барысын айту
4. Мәтінмен жұмыс. «Қарлы кесек» ойыны:
а) Мақсаты: Ойын арқылы балалардың білімін пысықтау, толықтыру, өз ойын дәлелдеу.
ә) Ойынның шарты: сыныпты 5-оқушыдан 3 топқа бөлу. Оқушылардың еңбегі – «5» баллды өлшеммен бағаланады.
б) Тапсырмалар: «А» - 1 – топ: «Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
қазақстан халқына Жолдауы» тақырыбын әңгімелеу
«Ә» - 2 – топ: «Қазақстан - 2030»даму стратегиясына сұхбат құру
«Б» - 3 – топ: «Қазақстан Президентінің Жолдауларынан» қазақ тілі
туралы әңгімелеу
Тур
|
Үстел
|
Ең жақсы сөйлеген оқушы
|
І
|
Ә
|
|
ІІ
|
А
|
|
ІІІ
|
Б
|
|
4.1 «Түртіп алу» алу әдісімен мәтіндерден ,жаңа сөздерді теріп жазғызып , оларға фонетикалық талдау жасату.\ мәтінді меңгерту мақсатында\
5. Қортынды. Үй тапсырмасы.
3-4 сабақ.
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Сабақтың мақстын, жүру барысын айту
«Алгоритм» ойыны
а) Мақсаты: Ойын арқылы балалардың іскерлік дағдыларын дамыту, сабақты пысықтау.
ә) Ойынның шарты: Оқушылардың еңбегі – «5» баллдық жүйеде өздеріне,бір-біріне бағалату.
б) Тапсырма:
№1 «Тіл туралы» заңның 4.5.6 баптарын айту
№2 Қазақ тілі туралы не білесің, класстер құрастырыңыз.
№ 3 Қазақ тілі –мемлекеттік тіл» тақырыбына сұрақтар ғой.
№4 Тіл туралы мақалдар айт.
5.Қорытынды. Үй тапсырмасы.
5-6 сабақ.
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Сабақтың мақстын, жүру барысын айту
«Брейн-ринг» ойыны
а) Мақсаты: Ойын арқылы балалардың білімін, іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту.
ә) Ойынның шарты: үш деңгейлі тапсырма орындау.
ІІІ деңгей: 5 балл (қосымша 0,5б)
ІІ деңгей: 5 балл (1б. даяр. 1мин.)
І деңгей: 5 балл (1,5б)
б) Тапсырмалар:
І деңгей:
а\Сызбаны толтырыңыздар:
Қазақстан
ә\ Мына cөйлемдерді қазақшаға аударыңыз.
1. Казахстан – суверенное, независимое, цивилизованное государство. 2. Казахстан – демократическое, светское, правовое и социальное государство.3. Независимость Казахстана признали более ста стран. 4. Государственный язык Республики Казахстан – казахский.
ІІ деңгей:
а\ Сызбаны толтырыңыздар:\ мәтінге сай, сөз қорларын тексеру\
Қазақ тілі
ә\Мына сөйлемдерді аяқтаңыздар:
Қазақстан Республикасы ......, .......,........, ...... мемлекет.
Біздің еліміз ...... жылдың ..... ........ бастап, ..... мемлекет болды.
ІІІ деңгей:
а\ Отан, елбасы сөздеріне фонетикалық талдау
ә\ Сызбаны толтырыңыздар: \ мәтінге сай, сөз қорларын тексеру\
ҚР рәмізі
5.Қорытынды. Үй тапсырмасы.
6-7сабақ.
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.Сабақтың мақстын, жүру барысын айту
4.«Брейн-ринг» ойыны
а) Мақсаты: Ойын арқылы балалардың білімін, іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту.
ә) Ойынның шарты: үш деңгейлі тапсырма орындау.
ІІІ деңгей: 5 балл (қосымша 0,5б)
ІІ деңгей: 5 балл (1б. даяр. 1мин.)
І деңгей: 5 балл (1,5б)
Қазақ тілі туралы
Тіл халықтың ең басты және ең үлкен белгісі. Кез – келген халықтың өз тілі болады. өз тілі жоқ халық жоқ. Сол себептен ғалымдар «Тіл – халықтың жаны», «Халық бар жерде – тіл бар, Тіл бар жерде – халық бар», «Бірінсіз олардың бірі болмайды», - дейді.
Тілді, сол тілдің иесі – халықты сыйлау үшін көп нәрсе керек емес. Ол үшін ең алдымен сол халықтың тілінде сөйлеу керек, сол тілде оқып, сол тілде жазу керек.
Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Қазір қазақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік тілі. Ол 1989 жылы 22 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» деп заңда бекітілді.
І деңгей:
а\Мәтінді әңгімелеу
б\ Бір мақалға эссе жазу.
ІІ деңгей:
а\ Мәтінге сұрақтар қою.
б\ Мәтінге класстер құрастыру.
ІІІ деңгей:
а\Соңғы абзацты әңгімелеу.
б\ Республикасының сөзіне фонетикалық талдау жасау.
5. Қорытынды: Үй тапсырмасы.
8- сабақ Қорытынды бөлімі
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.Сабақтың мақсатын, жүру барысын айту
4.Диктант\ оқушылардың сауаттылықтарын тексеру\
Терме диктанты.
Туған жерсіз адамның күні жоқ. Алыс кетсең,өз үйіңнің мұржасына дейін сағынасың. Туған жерің түсіңе енеді.. Алыстан сені қол бұлғап шақырады.
Туған ел мағынасы тереңде жатыр. Балғын балалық шақ! Күлдір-күлдір кісінеп, айнала шапқылаған ала аяқты құлыншақ! Сәуірде бүршік атқан,қылқиып күн көзіне көрінген балауса көк шөп. Өзен үстінде үйіріліп ұшқан шағала! Кемеріне жайлап соққан көгілдір көл. Күннің қызғылт шапағына бөленген үйлер –осының бәрі тұтас тұрған ел! Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі,әженің тамылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері,жеңгелеріңнің тәтті әзілдері-осының бәрі туған еліңнің керемет сипаттары!
Тапсырма: \ өткен тақырып бойынша білімдерін пысықтау\
1-нұсқаға мәтіннен жіңішке сөздерді ғана жазу
2-нұсқаға мәтіннен жуан сөздерді ғана жазу.
5. Тест\ Модуль бойынша білімдерін тексеру\
Фонетиканы қайталауға тестік тапсырмалар:
Тест
1-нұсқа
1.Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?
а/ 7 ә/ 10 б/ 8 в/ 9
2.Қазақстан өзінің егемендігін қашан жариялады?
а/1990; ә/1988; б/1995: в/1999.
3,Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
а/ 40 ә/ 42 б/ 39 в/38
4.Буын түрлерінің санын анықтаңыз.
а/3 ә/ 5 б/1 в/4
5. Күрделі сөзді табыңыз.
а/ Мінезін өзгертті. ә/ Жығылып қала жаздады. б/Аттан жығылды. в/ Мұражайға барды.
6.Ата заңымыз қашан қабылданды?
а/ 1995 ә/ 1991 б/2000 в/ 1980.
7. Еріндік дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
а/у,ұ,ы,ө. ә/ө,ұ,и,э. б/ұ,ү,е,у. в/ о,ө,ұ,ү.
8.Қазақ тілі түркі тобына жата ма?
а/иә; б/ жоқ,
9.Мақалды аяқтаңдар:
Ана сүті бой өсіреді,ана тілі ............... ...........
а/ ақыл дамытады ә/ атын шығарады б/ ой өсіреді в/ ой дамытады.
10.Қатаң дауыссыз дыбысты көрсетіңіз.
а/т,с,м,һ. ә/х,қ,с,ғ. б/ф,к,қ,ж. в/ш,п,х,ц.
11.Тілдегі сөздің қалай жазылатынын көрсететін сөздік қайсысы?
а/ аударма ә/ орфографиялық б/энциклопедиялық в/синонимдік.
13.»Меңгеру» сөзінің аудармасын табыңыз.
а/требовать, ә/не бояться б/ развивать, в/ освоить
14.Ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзді көрсетіңіз.
а/тұр ә/ жағалау б/ біз в/ қоғам
15.Ашық дауыстылардан құралған сөзді көрсетіңіз.
а/ойыншық ә/ мұғалім б/әрқашан в/бейсенбі
ІІ-нұсқа
1.Бас әріппен жазылатын сөзді анықтаңыз.
а/ Таразы ә/ Ақпан б/ Шілде в/ Тараз
2.Буынға бөлінбейтін сөзді табыңыз
а/іні ә/ әпке б/ қарт в/ намыс
3.Қатаң дауыссызға аяқталған сөзді табыңыз.
а/ тәжірибе ә/ таң б/жұмбақ в/ алтын
4. Орыс тілінен енген сөзді көрсетіңіз.
а/жарлық ә/кереует б/ әдебиет в/ мектеп.
5.Ашық буынды сөзді табыңыз.
а/а/боса ә/ қас б/ аз в/ қант
6.Жуан сөзді табыңыз.
а/ мұғалім ә/ кітап б/ асхана в/материк
7.Жіңішке сөзді табыңыз.
а/балгер ә/ жұмысшы б/әсемпаз в/ еңбек
8.Тұйық буынды сөзді көрсет.
а/ант ә/қант б/ баспана в/ анар
9.Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыстар бар?
а/ 10 ә/12 б/15 в/16
10.Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.
а/ күйүк ә/ құрық б/құлұн жүрөк
11.Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алған жылын белгілеңіз.
а/1989 ж. ә/ 1991ж. б/ 1986ж. в/1990ж.
12.Түбір сөзді табыңыз.
а/ сөйлес ә/ сана б/дала в/ кешкі.
13.Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз.
а/жайау ә/ жайяу б/жаяу в/жәйау.
14.Төрт буынды сөзді көрсетіңіз.
а/ тамаша ә/ ертегі б/ мәлімдеме в/ зерттеуші.
15.Езулік дауыстыларды көрсетіңіз.
а/ү,у. ә/ о,ө. б/ м.н. в/ы,э,
6.Қорытынды: бағалау
7.Үй тапсырмасы.
Достарыңызбен бөлісу: |