Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге



Pdf көрінісі
бет232/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

262-бап. Жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге
 
               асыру
 
      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жарғылық капиталдарына 
инвестицияларды индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын 
ұлттық даму институттары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың
астананың жергiлiктi атқарушы органдары индустриялық-инновациялық жоба мынадай 
шарттарға:
 
      1) еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға және экономиканың басым секторларын дамытуды 
ынталандыруды қамтамасыз етуге;
 
       2) мәнi индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын 
ұлттық даму институттарының инвестициялық саясатын регламенттейтiн iшкi құжаттарда 
айқындалатын болжамдық экономикалық және қаржылық өлшемдер бойынша тартымдылыққа
 
      3) технологиялық әлеуетті арттыруға бағытталуына, өндiрiс және көрсетiлетiн 
қызметтер сапасын арттыруға және көлемiн өсіруге, шикiзат пен материалдарды қайта 
өңдеудi тереңдетуге, жоғары технологиялы өнiмдi шығаруға сәйкес келген кезде жүзеге 
асырады.
 
      Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын ұлттық 
даму институттарының инвестициялық қызметiнiң нәтижелерi барлық индустриялық-
инновациялық жобалар бойынша инвестициялық кіріс негiзiнде айқындалады.
 
      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау саласындағы ұлттық даму 
институты индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына 
инвестицияларды мынадай:
 
      1) жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін индустриялық-инновациялық жобалар өзін-өзі 
ақтау және (немесе) төмен рентабельділігі мерзімдерінің капиталды қажетсіну және 
(немесе) ұзақтығы;
 
      2) экономиканың басым секторларындағы индустриялық-инновациялық жобалардың 
әлеуметтік маңыздылығы жағдайларында жүзеге асырылуы мүмкін.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет