Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн



Pdf көрінісі
бет240/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
270-бап. Отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн
 
               қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету
 
      1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне сервистiк қолдау шараларын 
ұсынуды және олардың отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы 
нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеудi индустриялық-инновациялық 
қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган экспортты дамыту және ілгерілету 
саласындағы ұлттық даму институтын және Ұлттық палатаны тарта отырып жүзеге асырады.
 
       2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн отандық өңделген тауарларды, 
көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша сервистiк қолдау шаралары: 
 
       1) олардың экспорттық әлеуетiнiң диагностикасы; 
 
      2) сауда миссияларын ұйымдастыру және өткiзу, көрме-жәрмеңке қызметiн жүзеге 
асыру, отандық өндiрушiлердiң тауар белгілерін шетелде ілгерілету және шетелде 
қазақстандық өндірушілердің ұлттық стендтерін ұйымдастыру;
 
      3) отандық өндiрушiлер және олардың тауарлары, көрсетiлетiн қызметтерi туралы 
ақпаратты шетелде тұрақты негiзде орналастыру арқылы әлеуеттi шетелдiк сатып алушылардың 
хабардар болуын арттыру;
 
      4) отандық өңделген тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту 
және ілгерілету мәселелерi бойынша ақпараттық және талдамалық қолдау көрсету;
 
      5) отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi халықаралық гуманитарлық 
көмек нарығына ілгерілетуге жәрдемдесу;
 


      6) экспорттық саудалық қаржыландыру, кредит беру және сақтандыру тетiктерiн 
пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет