Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Мемлекет меншiгiне алу және реквизициялау



Pdf көрінісі
бет248/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
      279-бап. Мемлекет меншiгiне алу және реквизициялау
 
               кезiндегi инвесторлар құқықтарының кепiлдiктерi
 
      1. Инвестордың мүлкiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп алып қоюға (мемлекет 
меншiгiне алуға, реквизициялауға) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айрықша 
жағдайларда жол берiледi.
 
      2. Мемлекет меншiгiне алынған кезде инвесторға Қазақстан Республикасының мемлекет 
меншiгiне алу туралы заңнамалық актiлерiн шығару нәтижесінде оған келтiрiлген залалды 
Қазақстан Республикасы толық көлемде өтейдi.
 
      3. Инвестордың мүлкiн реквизициялау оған мүлiктiң нарықтық құнын төлей отырып 
жүзеге асырылады.
 
      Мүлiктiң нарықтық құны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген 
тәртiппен айқындалады.
 
      4. Меншiк иесiне реквизицияланған мүлiктiң құны өтелген бағаға ол сот тәртiбiмен 
дау айта алады.
 
      5. Реквизициялаудың жүргiзiлуiне себеп болған мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылған 
кезде инвестор сақталған мүлiктiң қайтарылуын талап етуге құқылы, бiрақ бұл ретте мүлiк 
құнының төмендеуiнен болған ысырапты ескере отырып, өзi алған өтемақы сомасын қайтаруға 
мiндеттi.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет