Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Инвестициялар, инвестор, ірі инвестор және



Pdf көрінісі
бет244/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
      274-бап. Инвестициялар, инвестор, ірі инвестор және
 
               инвестициялық қызмет ұғымдары
 
      1. Лизинг шартын жасасқан кезден бастап қаржы лизингi нысанасын, сондай-ақ оларға 
құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет 
үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық 
жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын 
мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) инвестициялар болып 
табылады.
 
       2. Инвестор деп Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке 
және заңды тұлғалар түсініледі. 
 
       3. Жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу 
не кәсiпкерлiк қызмет үшiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде 
концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi құру немесе 
ұлғайту жөнiндегi қызметi инвестициялық қызмет деп танылады. 
 
      4. Ірі инвестор деп Қазақстан Республикасында айлық есептік көрсеткіштің кемінде 
екі миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға 
түсініледі.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет