Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Кiрiстердi пайдалану кепiлдiктерi



Pdf көрінісі
бет247/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
      277-бап. Кiрiстердi пайдалану кепiлдiктерi 
 
      Инвесторлар:
 
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетiн 
басқа да мiндеттi төлемдердi төлегеннен кейiн өзiнiң қызметiнен алынған кiрiстердi өз 
қалауы бойынша пайдалануға; 
 
      2) Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде Қазақстан Республикасының банк 
және валюталық заңнамасына сәйкес ұлттық валютада және (немесе) шетелдiк валютада банк 
шоттарын ашуға құқылы. 
 
      
278-бап. Мемлекеттiк органдардың инвесторларға қатысты
 
               қызметiнiң жариялылығы және инвестициялық
 
               қызметтi жүзеге асыруға байланысты ақпаратқа
 
               инвесторлардың қол жеткiзуiн қамтамасыз ету 
 
      1. Инвесторлардың мүдделерiн қозғайтын Қазақстан Республикасы мемлекеттiк 
органдарының ресми хабарлары және нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жарияланады.
 
      2. Дауыс беретін акцияларының он пайызынан аз (қатысушылардың жалпы дауыс санының 
он пайыз дауысынан аз) мөлшерде инвестицияларды жүзеге асырған инвесторларды қоса 
алғанда, заңды тұлғаларды тiркеу, олардың жарғылары, жылжымайтын мүлiкпен мәмiлелердi 
тiркеу, берiлген лицензиялар туралы ақпаратқа, сондай-ақ олардың инвестициялық қызметтi 
жүзеге асыруына байланысты және коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны 
қамтымайтын, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де ақпаратқа 
инвесторлардың еркiн қол жеткiзуi қамтамасыз етiледi.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет