Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Инновациялық гранттар беру



Pdf көрінісі
бет234/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

264-бап. Инновациялық гранттар беру
 
      1. Инновациялық грант деп инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде 
индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобаларын 
іске асыру үшін оларға өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты түсініледі.
 
      Инновациялық гранттар беруді технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму 
институтын тарта отырып, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау 
саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
 
      2. Инновациялық гранттар индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне 
индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруды қоса қаржыландыру арқылы беріледі.
 
      3. Инновациялық гранттар:
 
      1) технологияларды коммерцияландыруға;
 
      2) салаларды технологиялық дамытуға;
 
      3) кәсіпорындарды технологиялық дамытуға беріледі.
 
      4. Инновациялық гранттарды беру кезінде индустриялық-инновациялық қызметті 
мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Инновациялық 
гранттарды беру қағидаларына сәйкес сараптама жүргізіледі.
 
      Инновациялық гранттарды беру қағидаларында инновациялық гранттар беру кезінде 
қойылатын өлшемшарттар белгіленеді.
 
      5. Технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты гранттар берілген 
индустриялық-инновациялық жобалар бойынша жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуді талдау 
мақсатында берілген инновациялық гранттарға мониторинг жүргізеді.
 
      6. Технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты индустриялық-
инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган мен технологиялық 
дамыту саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негiзiнде инновациялық 
гранттар беруге бөлiнген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының 
резидентi – екiншi деңгейдегi банкте ағымдағы шот ашады.
 
      Қаржы жылының соңына есептелетiн ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары индустриялық-
инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға және тиiсiнше 
мемлекеттiк бюджетке қайтаруға жатпайды, келесi қаржы жылында инновациялық гранттар 
беруге жұмсалады. Инновациялық гранттар беруге арналған ақшаның жалпы көлемi барлық 
инновациялық гранттар арасында бөлiнедi.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет