Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ



Pdf көрінісі
бет269/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
   6-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
 
ҚОРҒАУ НЫСАНДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
 
   27-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
 
      300-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау
 
               нысандары
 
        1. Әрбір кәсіпкерлік субъектісінің өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды 
мүдделерін сот арқылы қорғауға құқығы бар. 
 
      Кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған немесе даулы құқықтарын қорғау Қазақстан 
Республикасының заңдарында көзделген өзге де тәртіппен (төрелік, медиация, Қазақстан 
кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл, омбудсмен, келіссөздер, наразылық 
тәртіп және өзгелер) жүзеге асырылуы мүмкін.
 
      2. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау осы Кодексте және Қазақстан 
Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда лауазымды адамдардың әрекеттерiне 
(әрекетсіздігіне) және мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым жасау 
арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
 
      3. Заңдарда арнайы көзделген жағдайларда, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын 
қорғау құқығы бұзылған кәсіпкерлік субъектісінің тiкелей iс жүзiндегi немесе заңдық 
әрекеттерiмен (өзiн-өзi қорғау) жүзеге асырылуы мүмкiн.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет