143-бап. Тексеру парақтары
1. Реттеуші орган мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган тексерілетін
субъектілердің (объектілердің) біртекті топтары үшін бірлескен актімен тексеру
парақтарын бекітеді.
Бекітілген тексеру парақтары мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында
орналастырылады.
2. Тексеру парағы тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын, олардың
сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың,
мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге әкеп соғатын талаптарды ғана қамтиды.
3. Тексеру парақтарында белгіленген талаптар тексерілуге жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |