1. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек
инспекциясының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы талаптардың сақталуы
бойынша жоспардан тыс тексерулерді, мемлекеттік кіріс органдары «Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық
кодексі) сәйкес жүзеге асыратын қарсы тексерулердi қоспағанда, тексеру тағайындау туралы
акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда мiндеттi
түрде тiркеледi.
Тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеу есепке алу сипатында болады және
тәуекелдерді басқарудың ведомстволық жүйелерін қалыптастыру мен жетілдіру үшін
пайдаланылады.
Тексеру тағайындау туралы актiнiң тiркелуi осындай тексерудiң заңдылығына
дәлелдеме болып табылмайды.
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек
инспекциясының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы талаптардың сақталуы
бойынша жоспардан тыс тексерулерді, мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын қарсы
тексерулерді тағайындау туралы актілер жөніндегі жалпы мәліметтер кәсіпкерлік
субъектілері бойынша тоқсан сайын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi
уәкiлеттi органға жіберiледі.
2. Бақылау және қадағалау органының тексерудi тағайындау туралы актiсi тексеру
басталғанға дейiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi
органда, оны тексерiлетiн субъектiнiң орналасқан жерi бойынша құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне ұсыну, оның iшiнде
электрондық нысанда ұсыну арқылы тiркеледi.
Тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексерудi тоқтата тұру, қайта бастау, оның
мерзiмдерiн ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi
туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды тiркеу тәртiбiн
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
3. Тексерудi жүргiзу қажеттiлігi қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және
Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiне төнген қатерді дереу жоюды талап ететiн,
қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық ахуалға байланысты туындаған жағдайда, сондай-ақ
бұзушылықтар жасалған кезде тiкелей олардың жолын кесу қажеттiлігiне қарай және
дәлелдемелерді бекiту үшiн кезек күтірмейтін iс-қимылдар жүргізуге байланысты тексеру
жұмыстан тыс уақытта (түнде, демалыс немесе мереке күндерi) жүргiзілген кезде тексеру
тағайындау туралы актiлердi тiркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi
уәкiлеттi органда тексеру басталғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.