Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Тексеру жүргiзу мерзiмдерi



Pdf көрінісі
бет128/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

      148-бап. Тексеру жүргiзу мерзiмдерi
 
      Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ алға қойылған 
міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін – бес 
жұмыс күнінен, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік 
субъектілері болып табылмайтын тексерілетін субъектілер үшін отыз жұмыс күнінен аспауға 
тиіс, оған Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген, салықтық тексеруді 
жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайлар, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық 
саламаттылығы саласында, ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым 
шаруашылығы, астық және мақта нарығы, құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және 
еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында 
жүргізілетін тексерулер кірмейді, олар үшін салалық ерекшеліктер ескеріле отырып, 
тексерулер жүргізудің мынадай:
 
      1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тексерулер – 
он бес жұмыс күніне дейін болатын және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
 
      2) ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық 
және мақта нарығы саласында – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін 
ұзартылатын;
 
      3) құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде 
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында олардың техникалық 
күрделілігін ескере отырып:
 
      техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылатындарға – бес жұмыс күнінен 
аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
 
      техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылмайтындарға – жұмыс күнінің төрт 
сағатынан аспайтын және жұмыс күнінің сегіз сағатына дейін ұзартылатын мерзімдер 
белгіленеді.
 
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексерудi жүргiзу 
кезiндегi жекелеген жағдайларды және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы 
зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру 
көлемiнiң едәуір болуына байланысты тексеру жүргiзудiң мерзiмiн бақылау және қадағалау 
органының басшысы (не оны алмастыратын адам) отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге бiр 
рет қана ұзарта алады.
 
      Тексеру мерзiмдерi ұзартылған жағдайда, мемлекеттiк орган мiндеттi түрде құқықтық 
статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркей отырып, тексерудi 
ұзарту туралы қосымша акт ресiмдейдi, онда тексерудi тағайындау туралы алдыңғы актiнiң 
тiркеу нөмiрi мен тіркелген күнi және ұзарту себебi көрсетiледi.
 
      Тексеру бiр айдан аспайтын мерзiмге бiр рет тоқтатыла тұруы мүмкiн.
 
      Тексеру жүргізу шеңберінде шет мемлекеттерден елеулi мәнi бар мәлiметтер мен 
құжаттарды алу, осы бапта көрсетілгеннен асатын мерзiмдерде арнайы зерттеулер, сынақтар, 
сараптамалар жүргiзу қажет болған жағдайларда, тексеру жүргiзу мерзiмi оларды алғанға не 
орындағанға дейiн тоқтатыла тұрады.
 
      Тексерiлетiн субъектiнi тексерудi тоқтата тұру не қайта бастау туралы хабардар ету 
құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органды хабардар ете 
отырып, тексерудi тоқтата тұруға не қайта бастауға дейiн бiр күн бұрын жүргiзiледi.
 
      Тексерудi тоқтата тұру немесе қайта бастау кезiнде тексерудi тоқтата тұру не қайта 
бастау туралы акт шығарылады.
 
      Тоқтатыла тұрған тексерудi жүргiзу мерзiмiн есептеу ол қайта басталған күннен 
бастап жалғасады.
 
      Тоқтатыла тұрған және осы бапта белгiленген мерзiмдерде қайта басталмаған тексеру 
бойынша тексерiлетiн субъектiнi тексерудi қайта жүргiзуге жол берiлмейдi.
 


      Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулердi жүргiзудiң, ұзартудың 
және тоқтата тұрудың тәртiбi мен мерзiмдерiнiң ерекшелiктерi «Салық және бюджетке 
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық 
кодексі) айқындалады.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет