151-бап. Тексеру жүргiзу кезiндегi шектеулер
Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары тексеру жүргiзу кезiнде:
1) осы бақылау және қадағалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген,
сондай-ақ егер мұндай талаптар мемлекеттiк органның атынан осы лауазымды адамдар әрекет
ететiн мемлекеттік органның құзыретiне жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпарат, өнiм үлгiлерi, қоршаған орта объектiлерiн және
өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп-қарау сынамалары тексеру объектiлерi болып
табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
3) өнiм үлгiлерiн, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн
зерттеп-қарау сынамаларына зерттеу, сынақ, өлшеу жүргiзу үшiн көрсетiлген үлгiлердi,
сынамаларды белгiленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгiлердi,
сынамаларды iрiктеу қағидаларында және оларды зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу
әдiстерiнде, техникалық регламенттерде немесе олар күшiне енетiн күнге дейiн қолданыста
болатын өзге де нормативтiк техникалық құжаттарда, зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу
қағидаларында және әдiстерiнде белгiленген нормалардан асатын көлемде iрiктеп алу туралы
хаттамаларды ресiмдеместен, оларды iрiктеп алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру
жүргiзу нәтижесiнде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де
құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
5) тексеру жүргiзудiң белгiленген мерзiмдерiнен асып кетуге;
6) осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 2), 8), 9) және 10) тармақшаларында
көзделген жағдайларды қоспағанда, сол бiр кезең iшiнде сол бiр мәселе бойынша оның
жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге де мемлекеттік орган бұрын тексеру жүргiзген
тексерiлетiн субъектiге (объектіге) тексеру жүргiзуге;
7) мемлекеттiк бақылау мақсатында тексерiлетiн субъектiлердiң есебiнен шығынды
сипаттағы iс-шараларды жүргiзуге құқылы емес.
Достарыңызбен бөлісу: |