2) өнiм үлгiлерiн iрiктеуді жүзеге асыруда негізге алынатын бақылау және қадағалау
органы басшысы шешiмiнiң нөмiрi және күнi;
3) өнiм үлгiлерiн iрiктеудi жүзеге асыратын лауазымды адамдардың лауазымы, тегi,
аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
4) өнiм үлгiлерiн iрiктеу жүргiзiлетiн тексерiлетiн субъектiнiң атауы және тұрған
жерi;
5) тексерiлетiн субъектінің уәкiлеттi адамының лауазымы және тегi, аты, әкесiнiң
аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
6) өндiрушiнi, өндiрілген күнiн, партияның сериясын (нөмiрiн), үлгiлердiң жалпы
құнын көрсете отырып, iрiктеп алынған өнiм үлгiлерiнiң тiзбесi және саны;
7) буып-түю түрi және мөрдiң (пломбының) нөмiрi көрсетiледi.