Нарық субъектісінің қызметіне байланысты көрінеу жалған, анық емес мәліметтерді
кез келген нысанда тарату нарық субъектісінің беделін түсіру болып табылады.
182-бап. Көрінеу жалған, жосықсыз және анық емес жарнама
Жосықсыз, анық емес және көрінеу жалған жарнаманың белгілері Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.
183-бап. Мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу (сатып алу)
Сатушының (өнiм берушiнiң) немесе сатып алушының тауарды өткiзуі (сатып алуы)
кезiнде сатушының (өнім берушінің), тұтынушының құқығына қысым жасайтын және өзiнiң
мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сәйкес мәмiленiң нысанасына қатысы жоқ
қосымша талаптарды немесе шарттарды белгiлеу жөнiндегi кез келген әрекеттерi мәжбүрлi
ассортиментпен тауар өткiзу (сатып алу) болып табылады.