Бәсекелестің тікелей өзі немесе делдал арқылы ұйымдастырған, сатып алушылардың
бәсекелестің сатушысымен (өнім берушісімен) шарттық қатынастар орнатудан немесе оның
тауарларын сатып алудан бас тартуға бағытталған әрекеттері бәсекелестің сатушысына (өнім
берушісіне) немесе оның тауарына бойкот жасауға шақыру болып табылады.
185-бап. Сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру
Сатып алушы (өнім беруші) бәсекелестің тікелей өзі немесе делдал арқылы өнім
берушіні (сатып алушыны) шарт жасасудан бас тартуға немесе мәні бірдей шарттар бойынша
өзге де сатып алушыларға (өнім берушілерге) кемсітушілік шарттар қолдануға мәжбүрлеуге
бағытталған әрекеттері сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру болып табылады.