179-бап. Басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз
пайдалану
Құқық иеленушінің немесе осыған уәкілеттік берілген тұлғаның рұқсатынсыз
өндірушінің белгілерін өзгерту не алып тастау жолымен басқа өндірушінің тауарын өз
белгісімен шаруашылық айналымына енгізу басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз
пайдалану болып табылады.
180-бап. Бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу
1. Нарықтың басқа субъектісі бұйымының сыртқы түрін қайта жасап шығару және оны
тұтынушыны тауар өндірушіге қатысты жаңылыстыруға ұшыратуы мүмкін болатын шаруашылық
айналымға енгізу бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу деп табылады.
2. Бұйымның сыртқы түрін немесе оның бөліктерін көшіріп алу, егер мұндай көшіріп
алу олардың функционалдық қолданылуына ғана байланысты болса, құқыққа сыйымсыз деп
танылмайды.