238-бап. Сатып алу және тауар интервенцияларын жүргізу
1. Азық-түлік тауарлары нарығын тұрақтандыру мақсатында мемлекет сатып алу және
тауар интервенцияларын жүзеге асырады.
2. Сатып алу және тауар интервенцияларын мамандандырылған ұйымдар азық-түлік
тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларына
сәйкес жүзеге асырады.
3. Егін жинау кезеңінде өсімдік шаруашылығы өнімдері бойынша тауар
интервенцияларын жүзеге асыруға жол берілмейді.
4. Сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған
ұйымдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.