1. Агроөнеркәсiптiк кешен және ауылдық аумақтар саласында кредит беру Қазақстан
Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беру не мамандандырылған
ұйымдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге
асырылады.
2. Агроөнеркәсiптiк кешен және ауылдық аумақтар саласында кредит беру
«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ережелер ескеріле отырып, мынадай бағыттар
бойынша жүргiзiледi:
1) ауыл шаруашылығы өндірісінің инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту;
2) ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтардың, балық шаруашылығына
арналған жабдықтардың және аулау құралдарының лизингі;
3) агроөнеркәсiптiк кешенде кредит беруді жүзеге асыратын кредиттік
серіктестіктерді ұйымдастыру және оларға кредит беру;
4) ауылдық жердегi кәсiпкерлiк қызметтiң ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерiне
кредит беру;
5) aуыл шаруашылығы өнiмiн сатып aлу, өндiру, қайта өңдеу және өткiзу;
6) жасанды түрде балық өсiру және балық өнiмiн қайта өңдеу;