3) отандық экспорттаушыларға сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру,
әлеуеттi экспорттық нарықтарды iздестiру және олардың тауарларын, көрсетiлетiн
қызметтерiн сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселелерi бойынша ақпараттық және
консультациялық қызметтер көрсетедi;
4) отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету
жөнінде iс-шаралар жүргiзедi;
5) отандық өңделген тауарлардың және көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын
ілгерілету мәселелерi бойынша отандық, шетелдiк және халықаралық ұйымдармен өзара iс-
қимылды жүзеге асырады;
6) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi
органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды
ілгерілету жөніндегі шығындарының бiр бөлiгiн өтеу бойынша қызметтер көрсетедi;
7) отандық өңделген тауарлардың және көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын
ілгерілету мақсатында шетелдiк өкiлдiктер құрады.
8. Даму институттарын, қаржылық ұйымдарды басқару жүйесін оңтайландыру жөніндегі
шаралар және ұлттық экономиканы дамыту шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік
бағдарламаларды іске асыруға қатысады;
2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын
индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік және консультативтік көмек
көрсетеді;
3) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы
Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де
функцияларды жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: