1. Коммуникациялармен қамтамасыз етiлген, мемлекет жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне
өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру және пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының Жер
кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен
беретiн ауыл шаруашылығына арналмаған жер индустриялық аймақ болып табылады.
2. Индустриялық аймақтар кәсiпкерлiктi дамыту үшiн экономикалық және ұйымдық
жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
3. Индустриялық аймақтардың мiндеттерi:
1) өнеркәсiп саласындағы кәсiпкерлiктi жедел дамытуға жәрдемдесу;
2) жаңа өндiрiстер инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды
оңтайландыру;
3) өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру;
4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.