1. Қызметiнiң айрықша түрi «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан
Республикасы Заңында белгіленген талаптарға және өзiнiң инвестициялық декларациясына
сәйкес осы қоғамның акционерлерi оның акцияларын төлеу үшiн қосқан ақшаны, сондай-ақ
осындай инвестициялау нәтижесiнде алынған активтердi жинақтау мен инвестициялау болып
табылатын акционерлiк қоғам акционерлiк инвестициялық қор болып табылады.
2. Тәуекелмен инвестицияланатын акционерлiк инвестициялық қорлардың қызметi
«Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.