Технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтарын индустриялық-инновациялық
қызмет субъектiлерi шетелдiк әрiптестермен бiрлесiп iске асыратын жобаларды iске асыруға
жәрдем көрсету мақсатында технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты құрады.
Технологиялар трансферті деп индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерінің
меншік, иелену және (немесе) пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым
салынбаған тәсілдермен алынған жаңа немесе жетілдірілген технологияларды ендіру процесі
түсініледі.