262-бап. Жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге
асыру
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жарғылық капиталдарына
инвестицияларды индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын
ұлттық даму институттары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың жергiлiктi атқарушы органдары индустриялық-инновациялық жоба мынадай
шарттарға:
1) еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға және экономиканың басым секторларын дамытуды
ынталандыруды қамтамасыз етуге;
2) мәнi индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын
ұлттық даму институттарының инвестициялық саясатын регламенттейтiн iшкi құжаттарда
айқындалатын болжамдық экономикалық және қаржылық өлшемдер бойынша тартымдылыққа;
3) технологиялық әлеуетті арттыруға бағытталуына, өндiрiс және көрсетiлетiн
қызметтер сапасын арттыруға және көлемiн өсіруге, шикiзат пен материалдарды қайта
өңдеудi тереңдетуге, жоғары технологиялы өнiмдi шығаруға сәйкес келген кезде жүзеге
асырады.
Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын ұлттық
даму институттарының инвестициялық қызметiнiң нәтижелерi барлық индустриялық-
инновациялық жобалар бойынша инвестициялық кіріс негiзiнде айқындалады.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау саласындағы ұлттық даму
институты индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына
инвестицияларды мынадай:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін индустриялық-инновациялық жобалар өзін-өзі
ақтау және (немесе) төмен рентабельділігі мерзімдерінің капиталды қажетсіну және
(немесе) ұзақтығы;
2) экономиканың басым секторларындағы индустриялық-инновациялық жобалардың
әлеуметтік маңыздылығы жағдайларында жүзеге асырылуы мүмкін.