1. Қоса қаржыландырумен бірге алғанда, жобаларды қаржыландыруды, индустриялық-
инновациялық қызмет субъектiлерiн орта және ұзақ мерзiмдi кезеңдерге арналған лизингтiк
қаржыландыруды Қазақстанның Даму Банкi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi
айқындайтын басқа да ұлттық даму институттары жүзеге асырады.
2. Қоса қаржыландырумен бірге алғанда, қаржыландыру жаңа индустриялық-инновациялық
жобаларды, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғыртуға (техникалық қайта
жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау
үшiн жүзеге асырылады.
3. Лизингтiк қаржыландыру индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне он
жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.
4. Қоса қаржыландырумен бірге алғанда, жобаларды қаржыландырудың, лизингтiк
қаржыландырудың шарттары мен тетiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.