259-бап. Қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелер және
кепiлдемелер ұсыну
1. Қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелердi және кепiлдемелердi ұсынуды Қазақстан
Республикасының Үкiметi айқындайтын қаржы агентi индустриялық-инновациялық жобаларды
iске асыру үшiн индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне берiлетiн екiншi
деңгейдегi банктердiң қарыздары бойынша жүзеге асырады.
2. Қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелердi және кепiлдемелердi ұсынудың шарттары
мен тетiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.