Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-параграф. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау



Pdf көрінісі
бет227/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

   3-параграф. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау
 
      257-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн
 
               мемлекеттiк қолдау шаралары
 
      1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шаралары 
Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған ерекшелiктер ескеріле отырып, 
осы Кодексте айқындалады.
 
      Мемлекеттiк қолдау түрлерi мен деңгейi Қазақстан Республикасының заңнамасымен 
реттеледi.
 
      2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шараларына:
 
      1) қоса қаржыландырумен бірге алғанда, жобаларды қаржыландыру, 
лизингтiк қаржыландыру;
 
      2) қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелер және кепiлдiмелер ұсыну;
 
      3) қаржы институттары арқылы кредит беру;
 
      4) қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және 
облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау;
 
      5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру;
 
      6) кепiлдендiрiлген тапсырыс;
 
      7) инновациялық гранттар беру;
 
      8) бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету;
 
      9) инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
 
      10) жер учаскелерiн және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру;
 
      11) iшкi нарықта қолдау;
 
      12) шетелдiк инвестицияларды тарту;
 
       13) отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын дамыту және 
ілгерілету; 
 
      14) еңбек өнімділігін арттыруды және аумақтық кластерлерді дамытуды қолдау;
 
      15) қаржы-экономикалық сауықтыру шеңберінде берешекті қайта құрылымдау жатады.
 
      3. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптік кешенiнде қызметтi жүзеге асыратын 
индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау осы Кодекске және 
«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
 
      4. Арнайы экономикалық аймақтарда қызметтi жүзеге асыратын индустриялық-
инновациялық қызмет субъектiлерiн дамытуды ынталандыру «Қазақстан Республикасындағы 
арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.
 
      5. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасындағы 
инвестициялық қызметiн ынталандыру осы Кодексте айқындалады.
 
      6. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi 
орган, өзге де мемлекеттiк органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар 
қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары индустриялық-инновациялық қызмет 
субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шараларын қарау, келiсу және ұсыну кезiнде мынадай 
өлшемшарттардың бiрiн:
 


      1) инновациялық – экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ескере отырып, жаңа 
немесе жетiлдiрiлген өндiрiстердi, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен 
көрсетілетін қызметтердi жасау арқылы қызметтiң экономикалық тиiмдiлiгiн арттыруға 
бағыттылықты;
 
      2) бәсекеге қабiлеттiлiк – қол жеткiзiлетiн нәтиженiң оны алуға кеткен шығындарға 
қатысы ретiнде айқындалатын, қол жеткiзiлетiн экономикалық және әлеуметтiк тиiмдiлiк 
деңгейiнде көрiнетiн ұқсас индустриялық-инновациялық жобалармен салыстырғандағы 
артықшылықты;
 
      3) ауқымдылық – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту үшiн 
индустриялық-инновациялық жобаны іске асырудың маңыздылығын басшылыққа алуға міндетті.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет