253-бап. Конструкторлық бюро
1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жаңа немесе жетiлдiрiлген
тауарлар өндiрудi ұйымдастыруда жәрдемдесу үшiн құрылған, материалдық-техникалық кешенге
иелiк ететiн заңды тұлға конструкторлық бюро болып табылады.
2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жаңа немесе жетiлдiрiлген
тауарларды жасауда, оның iшiнде технологиялар трансфертi, конструкторлық-технологиялық
құжаттаманы иемдену, бейiмдеу, әзiрлеу, оны кейiннен индустриялық-инновациялық қызмет
субъектiлерiне өтеулi негiзде беру және оның негiзiнде тауарлар өндiрiсiн ұйымдастыру
үшiн қажеттi қызметтер көрсету арқылы жәрдемдесу конструкторлық бюролардың негiзгi
мiндетi болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |