Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі



Pdf көрінісі
бет220/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

250-бап. Технологиялық парк 
 
      1. Технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты немесе дербес білім беру 
ұйымы құрған, индустриялық-инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар 
жасалатын, бiрыңғай материалдық-техникалық кешенi бар аумаққа меншiк құқығында немесе 
өзге де заңды негiздерде иелiк ететiн заңды тұлға технологиялық парк (бұдан әрi – 
технопарк) болып табылады.
 
      2. Технопарктер қызметiнiң негiзгi түрi индустриялық-инновациялық қызмет 
субъектiлерiнiң жұмыс iстеуiнiң бастапқы кезеңiнде оларға үй-жайлар, жабдықтар беру, 
бухгалтерлiк есеп жүргiзу, заңдық, ақпараттық және консультациялық қолдау, инвестициялар 
тарту, жобаларды басқару бойынша қызметтер, сондай-ақ индустриялық-инновациялық 
жобаларды iске асыру үшiн қажеттi өзге де қызметтер көрсетуді бiлдiретiн технологиялық 
бизнес-инкубациялау болып табылады. Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерiн 
көрсету, сондай-ақ мұндай көрсетілетін қызметтер құнын айқындау қағидаларын 
индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган 
әзiрлейдi және бекiтедi.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет