(немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қолданылады. Еркiн кедендiк
аймақтың кедендiк рәсiмi қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағы кедендiк
бақылау аймағы болып табылады.
3. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына Қазақстан
Республикасының Конституциясымен, осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етiлетiн құқықтар мен мүдделердi
қорғауға кепiлдiк берiледi.
Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының мүлкiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп
алып қоюға (мемлекет меншігіне алуға, реквизициялауға) Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген айрықша жағдайларда және тәртiппен жол берiледi.
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары Қазақстан Республикасының салық
заңнамасына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдердi
төлегеннен кейiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтi жүзеге асырудан алынған
кірістерін өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: