Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері



Pdf көрінісі
бет214/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

      243-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері 
 
        Экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске 
асыратын не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi және 
(немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке және 
(немесе) заңды тұлғалар индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері болып табылады. 
 
      244-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік
 
               қолдаудың мақсаты, міндеттері және негіздері
 
      1. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың мақсаты Қазақстан 
Республикасының Президентi айқындайтын экономиканың басым секторларын дамытуды 
ынталандыру негiзiнде ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру болып 
табылады.
 
      2. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың мiндеттерi:
 
      1) экономиканың басым секторларын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
 
      2) бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайларды қамтамасыз ету;
 
      3) еңбек өнiмдiлiгiн арттыру, өндiрiстiк тiзбектi ұзарту және нарықты кеңейту, 
сондай-ақ өндірістік қуаттар құру және жұмыс орындарын сақтай отырып, қалпына келтіру
оңалтылатын өндірістерді іске қосу мақсатында өндiрiстік объектілерді жаңғырту 
(техникалық қайта жарақтандыру), қаржы-экономикалық сауықтыру, олардың инвестициялық 
тартымдылығын жақсарту және (немесе) қалпына келтіру үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
 
      4) инновацияларды тиiмдi ендіруді және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамытуды 
қолдау;
 
      5) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң инвестициялық тартымдылығын 
және экспорттық әлеуетiн арттыру;
 
      6) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне технологияларды 
коммерцияландыруда жәрдем көрсету;
 
      7) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлеріне экспорттық әлеуеттi дамытуда 
жәрдем көрсету;
 
      8) экономиканың басым секторларында ғылыми-зерттеу базасын дамыту және оны 


өндiрiстiк процеспен интеграциялау;
 
      9) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне индустриялық-инновациялық 
қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықта, оның iшiнде индустриялық-инновациялық 
қызмет үшiн бiлiктiлігі жоғары кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықта жәрдем 
көрсету;
 
      10) еңбек өнімділігін арттыруда және аумақтық кластерлерді дамытуда индустриялық 
инновациялық қызмет субъектілеріне жәрдем көрсету болып табылады.
 
      3. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметiн мемлекеттiк 
қолдау:
 
      1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне осы Кодекске сәйкес мемлекеттiк 
қолдау алуға тең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге;
 
      2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне мемлекеттiк қолдаудың 
ұсынылатын шараларының жариялылығына, атаулылығы мен транспаренттiлiгiне;
 
      3) мемлекет пен индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi мүдделерiнiң 
теңгерiмдiлiгiн қамтамасыз етуге;
 
      4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi индустриялық-инновациялық 
жобалардың жеке-дара ерекшелiктерiн ескере отырып, оларды табысты iске асыру мақсатында 
мемлекеттiк қолдау шараларын оңтайландыруға;
 
      5) мемлекет пен индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң тұрақты өзара iс-
қимылын қамтамасыз ететiн кешендiлiкке және жүйелiлiкке негiзделедi.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет