Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Технологияларды коммерцияландыру орталығы



Pdf көрінісі
бет222/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

      252-бап. Технологияларды коммерцияландыру орталығы 
 
      1. Жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарларды, процестер мен көрсетiлетiн қызметтердi 
нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерiн 
практикалық қолдануға байланысты, оң экономикалық әсер алуға бағытталған қызметті 
(технологияларды коммерцияландыруды) жүзеге асыратын заңды тұлға, ғылыми ұйымның, жоғары 
оқу орнының немесе дербес бiлiм беру ұйымының құрылымдық немесе оқшауланған бөлiмшесi 
технологияларды коммерцияландыру орталығы болып табылады.
 
      2. Технологияларды коммерцияландыру орталықтары қызметiнiң негiзгi бағыттары: 
коммерцияландыру үшiн технологияларды iздестiрудi және бағалауды, маркетингтiк 
зерттеулердi, зияткерлiк меншiктi қорғау саласында консультациялық қызметтер көрсетудi, 
технологияларды коммерцияландыру стратегиясын әзiрлеудi, ғылыми және (немесе) ғылыми-
техникалық қызмет субъектiлерi мен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң технологияларды 
коммерцияландыру саласында шарттар жасасуы мақсатында олардың өзара iс-қимылын 
ұйымдастыруды қоса алғанда, бiрақ олармен шектелмей, технологияларды коммерцияландыру 
жөнiндегi қызметтер кешенiн көрсету болып табылады.
 
      Технологияларды коммерцияландыру орталықтарын әдiснамалық, консультациялық және 
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгедей қолдауды технологиялық дамыту 
саласындағы ұлттық даму институты жүзеге асырады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет