Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жер учаскелерiн және жер қойнауын
пайдалану құқықтарын беру:
1) Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес уақытша жер пайдалану құқығында
жер учаскелерiн бөлу;
2) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес тiкелей келiссөздер негiзiнде конкурс өткiзбестен,
өндiрiстiк қызметке (технологиялық циклға) байланысты пайдалы қазбаларды барлауға,
өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған операцияларды жүргiзуге арналған жер
қойнауын пайдалану құқығын беру арқылы жүзеге асырылады.