Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн сервистiк қолдау шаралары шетелдiк
инвестицияларды тарту арқылы қамтамасыз етiледi және:
1) әлеуеттi шетелдiк инвесторларды индустриялық-инновациялық жобаларды iске
асыруға қатысуға тарту мақсатында iздестiрудi жүзеге асыруды және олармен келiссөздер
жүргiзудi;
2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн инвестициялық тақырып бойынша
бизнес-форумдарға, конференцияларға және семинарларға қатысуға тартуды;
3) индустриялық-инновациялық жобалар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының
шетелдегi мекемелерi арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдiк
дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер мен консулдық мекемелер арқылы
шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарында таратуды қамтиды.